Жарнама
Жарнама

«Өзім таң қалып отырмын»: Жәнібек Әлімханұлы допингтен өте алмауына қатысты пікір білдірді

Редактор
Бүгін, 00:40
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

6 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Қазақ боксшысының допинг қолданғаны расталғаннан кейін бокс кешін ұйымдастырушылар осындай шешімге келгенін бұған дейін хабарлағанбыз. Аталған жайтқа қатысты Жәнібектің өзі пікір білдірді.

Оның айуынша, допинг-тесттің бірінші нәтижесі таза шыққан.

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз», - деп жазды боксшы өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы да Жәнібектің орнына Колумбия боксшысы Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO) шығатынын мәлімдеді.

34 жастағы колумбиялық былғары қолғап шебері биыл 1 наурызда бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Джарретт Хердті жеңіп, сенсация жасаған еді. Ал Херд кезінде Эрисланди Лараны ұтқан.

Реклама
Реклама