«Странджа» кубогінде Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды

Редактор
04.02.2024, 21:20

Аталған жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп те аталады

Фото ашық дереккөзден

Болгария астанасында бокстан дәстүрлі «Странджа» кубогі басталды. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасын да қатысуда.

Ел боксшылары рингке 1/8 финалдан бастап шығады. Бүгінде олардың қарсыластары белгілі болды.

51 кг.
Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Бекзат Эргешов (Қырғызстан)

54 кг.
Дәулет Молдашев (Қазақстан) – Руслан Эрнст уулы (Қырғызстан)

57 кг.
Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) – Владислав Стась (Украина)

60 кг.
Руслан Күзеубаев (Қазақстан) – Артюш Гомциани (Германия)

63,5 кг.
Ерасыл Таңқай (Қазақстан) – Красимир Джуров (Болгария)

67 кг.
Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Благовест Неделчев (Болгария)

71 кг.
Талғат Шәйкен (Қазақстан) – енді анықталады

75 кг.
Нұрқанат Райыс (Қазақстан) – Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан)

80 кг.
Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) – Николай Дишков (Болгария)

92 кг.
Абзал Құттыбеков (Қазақстан) – Хань Сючжень (Қытай).