Одан бөлек қандасымыз бар.
Өзбекстан құрамасы бокстан алдағы Азия чемпионатына қатысатын толық құрамын жариялады.
Бұл жолы көрші ел жастарға басымдық берген - турнирге бір ғана әлем чемпионы барады.
Атап айтқанда, 2025 жылғы World Boxing ұйымы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған Фазлиддин Эркинбоев Азия біріншілігінде Өзбекстан намысын қорғайды. Сонымен қатар құрамда IBA нұсқасы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, қандасымыз Арман Маханов та бар.
Айта кетерлігі, бұл додаға Өзбекстан құрамасының көшбасшылары ғана емес, бас бапкер Тулкин Киличев те бармайды.
Ерлер құрамасы:
50 кг - Асилбек Жалилов
55 кг - Шахзод Музаффаров
60 кг - Абдурахмон Махмуджонов
65 кг - Абдуллох Мадаминов
70 кг - Хавасбек Асадуллаев
75 кг - Жавохир Абдурахимов
80 кг - Фазлиддин Эркинбоев
85 кг - Жасурбек Юлдошев
90 кг - Халимжон Мамасолиев
+90 кг - Арман Маханов
Әйелдер құрамасы:
48 кг - Сабина Бобокулова
51 кг - Гулсевар Ганиева
54 кг - Хуморабону Мамажонова
57 кг - Нигина Уктамова
60 кг - Муштарийбону Мамажонова
65 кг - Феруза Абдуалимова
70 кг - Ойша Тоирова
75 кг - Азиза Зокирова
80 кг - Рухшона Парпиева
+80 кг - Олтиной Сотимбоева