Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: қос қазақ боксшысы финалда кездеседі

Редактор
Бүгін, 14:22

Жекпе-жек аса ауыр салмақ өкілдері арасында өтеді. 

ҚР ҰОК

Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында қазақ боксшылары кездеседі.

Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақ өкілі Айбек Оралбай мен Қытайдағы қандасымыз Данабек Байқоныс чемпиондық атақ үшін қолғап түйістіреді.

Жартылай финалда Байқоныс үндістандық Нарендермен кездесіп, айқын басымдық танытты. Бірінші раундтың өзінде қарсыласы ауыр жарақат алып, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде финалға Данабек өтті.

Ал Айбек Оралбай өз кезегінде жартылай финалда түрікменстандық Довлет Исламовты еш қиындықсыз жеңді – 5:0.

Осылайша, 10 сәуір күні өтетін финалдық сессияда жанкүйерлер «қазақ дербиінің» куәсі болмақ.

Реклама
Реклама