Даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды

Редактор
16.02.2024, 09:02

Ол енді бапкерлермен жұмыс істейді

Фото ашық дереккөзден

Сидней олимпиадасында бокса аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанған Мұхтархан Ділдәбеков еліміздің бокс федерациясында лауазымды қызметке кірісті.

Белгілі боксшы бұдан былай федерацияда бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады.

Ол бокстан аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, Азия Ойындарының жеңімпазы, екі мәрте күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев орнынан кетіп, Шахмұрат Мүтәліп сайланған болатын.