Құрама қоржынында екі алтын, екі күміс медаль бар
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жол» халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. 71 келіде өнер көрсеткен Дархан Дүйсебай өзбек боксшысы Бекзод Хамидовты жеңіп, жанкүйерлер сенімін ақтады.
«Әр раунд сайын үстемдігін байқатқан Дархан алғашқы екі раундта ұпайын түгелдеп, үшінші раундта шегіне жұдырықтасып, тағы мықтылығын көрсетті», - деп жазды ҚБФ баспасөз қызметі өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін үш боксшысымыз финалда өнер көрсетіп, команда қоржынына бір алтын, екі күміс медаль салған болатын. Атап айтқанда, Талғат Сырымбетов жарыс жеңімпазы атанса, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені місе тұтты.