Экс-министр 24 жылға сотталды
АҚШ-та тұратын қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкіміне қатысты өз пікірін білдірді. Сот процесі болып жатқан кезде де ол әлеуметтік желіде биліктегі абюзерлер туралы жазба қалдырған болатын.
Мұхиттың арғы жағында тұрса да отанында болып жатқан оқиғаларға алаңдап жүретін спортшы қыз сот қабылдаған үкімге көңілі толатынын білдірген.
«Осымен бітті! Әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Түрмеден 68 жасында шығады», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, әйелін азаптап ұрып өлтірді деп айыпталған Экономика экс-министрі 24 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, оның қылмысын жасыруға көмектесті деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.