Кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізген боксшы шаршы алаңда қайтыс болды

Редактор
13.05.2024, 22:43

Марқұмның жасы небәрі 29-да болған

Daily Mail

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Шериф Лаваль шаршы алаңда есінен танып құлап, көз жұмды. Бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасы болатын.

Daily Mail мәліметінше, британиялық боксшы португалиялық Малама Вареламен кездесудің төртінші раундында қабағынан қатты соққы алып, рингтегі төсенішке басымен құлаған. Рефери соққының жойқын болғанын түсінгендіктен, жекпе-жекті бірден тоқтатты.

Сол жердегі дәрігерлер Лавальге алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, ол ауруханаға жеткізілген бойда-ақ қайтыс болғаны анықталды.

Бұл айқас 12 мамыр күні Лондонда өтті.

Лавальдің жасы небәрі 29-да екен. Ал бокспен 2018 жылдан бері айналысады.