Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан билігінде Бишімбаев сияқты қаншама министр бар – боксшы Аида Сатыбалдинова

12.04.2024, 10:11

Ол ер адамдардың балгерлерге баруын қорқынышты жайт деп атады

Қазақстан билігінде Бишімбаев сияқты қаншама министр бар – боксшы Аида Сатыбалдинова
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та тұратын қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова Бишімбаев ісіне қатысты өз ойын айтты. Спортшы экс-министрдің сот процесін мұхиттың арғы жағында отырып үзбей көретін секілді.

Айта кетейік, Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Оған әйелін азаптап өлтірді деген айып тағылған. Қанды оқиға болған кезде Бишімбаев жедел жәрдемге емес, көріпкел-балгерге хабарласқанын сот отырысында мойындады.

«Сот отырысын көруді жалғастырып жатырмын. Бишімбаев бірде балгерге хабарласқанын айтса, бірде жұртты қарғап әлек. Қазақстан билігінде балгерлерге жүгіріп, оларға сенетін министрлердің қаншауы бар екенін білудің өзі қорқынышты. Бұрын әйелдер айналысатын мұндаймен, қазір ерлер», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы мен Спорт министрлігін де өткір сынаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам