Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирде жеңіліп қалды

Редактор
31.05.2024, 14:38

Дегенмен, оның лицензия алатын мүмкіндігі әлі бар

Қазақстан бокс федерациясы

Таиланда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Куба боксшысына есе жіберді.

Ширек финалда 63,5 келіде өткен жекпе-жекте отандасымыз Эрисланди Альварестен айласын асыра алмады. Алайда, жеңілгеніне қарамастан Мұхамедсабыр Базарбайұлының жолдама иеленуге әлі де мүмкіндігі бар. Бұл салмақта 5 жолдама қарастырылғандықтан, ширек финалда есе жіберген төрт боксшы арасында тағы қосымша жекпе-жектер өтеді.

Бұған дейін Бангкокке аттанған боксшылардың үшеуі есе жіберіп, үшеуі жарыс жолында қалған болатын. Енді әйелдер боксынан Назым Қызайбай мен Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.