Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан Олимпиадаға тарихтағы ең мықты құрамын аттандырмақ – сарапшылар

Редактор
09.06.2024, 10:47

Қазақстан мен Өзбекстан бокс құрамалары ғана Олимпиадаға толық құрамда қатысады

Өзбекстан ҰОК

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарына баратын құрамын жариялады.

Төртжылдықтың бас додасына көрші елден жеті боксшы қатысады. Мамандар пікірінше, бұл өзбек боксы тарихындағы ең үздік құрам болуы мүмкін.

51 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға Хасанбой Дусматов шықса, 57 келіге дейін салмақта – Абдумалик Халоков, 63,5 келіге дейін салмақта ел намысын Руслан Абдуллаев қорғайды, 71 келіге дейін – Асадхуджа Муйдинхуджаев, 80 келіге дейін – Турабек Хабибуллаев, 92 келіге дейін салмақта Лазизбек Муллажонов өнер көрсетсе, 92 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаевтың басты қарсыласы, әрі осы салмақтың көшбасшысы саналатын Баходир Жалолов шығады.

«Олимпиада ойындарына баратын бұл құрам бокс тарихымыздағы – ең мықты команда», - делінген Өзбекстан құрамасының мәлімдемесінде.

Қазір өзбек боксшылары Олимпиадаға даярлығын Сочиде 4-22 маусым аралығында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында пысықтауда.

Жарнама
Жарнама