Париж-2024: Жиров қазақ боксшыларының мүмкіндігіне баға берді

Редактор
14.06.2024, 00:58

Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

Фото ашық дереккөзден

Ауыр салмақта IBF және WBC нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Василий Жиров қазақстандық боксшылардың Париждегі Олимпиада ойындарындағы мүмкіндігіне баға берді.

«Біздің жігіттерге барлық лицензияға иелік еткені үшін жарайсың деу керек, бұл алтын медаль иеленуге мүмкіндікті арттырады. 

Парижде қазақ және өзбек боксшыларының арасында айқас болуы мүмкін. Дегенмен, кубалықтар мен америкалықтарды да ұмытпау керек. Қазақстандық боксшы қыздардың да әлеуеті жақсы. Бәрі өздерінің қолында, мәселенің бәрі дұрыс дайындықта», – деді Жиров Prosports.kz сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, ерлер құрамасы Париж олимпиадасына толық құрамда қатысады: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев(92+ кг).

Ал әйелдер құрамасында төртжылдықтың бас додасына үш боксшымыз барады: Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг).