«Әзірге дзюдо»: Александр Усик балаларын боксқа беруден бас тартты

Редактор
14.06.2024, 11:30

Оның өзі екі бірдей салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған

AP

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің абсалютті чемпионы Александр Усик екі ұлын дзюдоға берді. 

Жасынан боксты серік еткен Украинаның даңқты спортшысы әзірге ұлдарының татамиде күрескені жөн деп шешіпті. 

11 жастағы Кирилл мен 9 жастағы Михаил дзюдодан тәуір нәтиже көрсетіп үлгерген. Ал олардың жаттығуға тұрақты қатысуын ата-анасынан бөлек әпкесі Елизаветта тұрақты қадағалап жүр.

Әзірге дзюдода қалыптасып келе жатқан Усиктің ұлдары болашақта бокс қолғабын киюі де мүмкін. Бұл ретте танымал боксшы бұғанасы қатпаған балаларын жапон күресінде ысылып, кейін өз таңдауын жасайды деп есептейді. 

Александр Усик – Украинаның бокс тарихындағы ең мықты спортшының бірі. Лондон Олимпиадасында чемпион атанған саңлақ кейін кәсіпқой боксқа ауысып, бірінші ауыр салмақта 4 нұсқада әлем чемпионы атанса, кейін аса ауыр салмақта жасындай жарқырады. Ол осыған дейін әлемнің ең мықты боксшы Энтони Джошуаны екі рет ұтты. Таяуда Сауд Арабиясында өткен жекпе-жек кешінде әйгілі Тайсон Фьюриді де тізе бүктірді.