Қазақстандық танымал боксшы құқық қорғау органдарына жұмысқа кіріп жатыр

Редактор
14.06.2024, 14:01

Ол тамыз айында Париждегі Олимпиада ойындарына аттанады

Қазақстан бокс федерациясы

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған қазақстандық боксшы Валентина Хальзова жаңа жұмысқа тұруға құжат тапсырғанын мәлімдеді.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында құқық қорғау қызметкері лауазымына үміткер болып жатқаны туралы хабарлама қалдырды. Түбіртек парағында сынақ күні белгіленгені де жазылған.

«Маған сәттілік тілеп қойыңыздар!», - деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Валентина Хальзова жақында Таиландта өткен лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын еншілеген. Боксшы 75 келіде өнер көрсетеді.

Хальзова 27 жастағы боксшы 2016 жылы әлем чемпионы атанған. Кейінгі жылдары екі рет қола жүлдеге қол жеткізген.