Жерлесіміздің кезекті айқасы 25 шілде күні Бангкокте өтеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Таиландта өтетін жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр.
Боксшы қыздың өзі жаттығуынан суреттер жариялады. Жерлесіміздің кезекті айқасы 25 шілде күні Бангкокте өтеді. Ол бұл жолы WBA Asia атағына таласады.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы бұған дейін шаршы алаңға маусым айында шыққан.
Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде Балауса мансабындағы төртінші жекпе-жегін өткізіп, Үндістаннан келген Моника Стнгхты (5-1, 3 КО) небәрі 40 секундта ұрып құлатты. Көкірек тұстан тиген ауыр соққыдан отырып қалған Сингх төреші санап біткенше орнынан тұра алған жоқ.