«Әр жекпе-жек финалмен тең». Айтжанов боксшыларға қатысты пікір білдірді

Редактор
26.07.2024, 14:38

Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген

instagram.com/boxingkazakhstan

 

Бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылғаннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пікір білдірді. Оның сөзінше, мұндай бәсекелерде оңай қарсылас болмайды.

Бокс турнирі басталғаннан кейін елімізідң бірнеше боксшысы алғашқы кезеңнен өтер болса, сүрінбей келесі айналымда әлемнің үздік боксшыларымен кездесуі мүмкін.

«Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Париж Олимпиадасында ұлттық құраманың көптеген боксшысы жарысты бірінші айналымнан бастайды. Оның ішінде үш боксшының қарсыласы Испания өкілі болмақ. Сондай-ақ, арасынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы 27 шілде күні ел спортшылары арасынан алғашқы болып шаршы алаңға көтеріледі.