Боксшы кәсіпқой рингке былтыр ғана келген
Даңқты кәсіпқой боксшы Костя Цзюдің ұлы Никита Цзю әкенің жолын қуған. Ол 2022 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүр. Лақап аты – «қасапшы».
Никита соңғы екі жылда 8 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен, оның жетеуінде кездесу уақытынан бұрын аяқталған.
Кіші Цзю кәсіпқой боксқа бизнес ретінде қарамайтынын айтады. Ол адамдарды ұрғаннан ләззат алатынын әлеуметтік деліде жазған.
«Мен бокспен ақша үшін шұғылданбаймын. Бұл салада бизнес құратын ойым да жоқ. Мен бұл спортта адамдарды ұрғаннан ләззат аламын, жанын ауыртамын, содан сексуалды ләззат аламын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Никита Цзю Аустралия атынан жарыстарға қатысады.