Мексикалық боксшы енді Давид Бенавидеспен жұдырықтасуы мүмкін
Әйгілі Сауль «Канело» Альвареске лайықты қарсылас болады деп саналған америкалық Деметриус Андраде (32-1, 19 KO) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде Давид Бенавидестен (28-0, 24 KO) жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Бенавидес супер орта салмақта WBC чемпиондық белбеуінің уақытша иегері.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек Андраденің бас тартуымен алтыншы раундтан кейін тоқтатылды. Төртінші раундта ол бір рет нокдаун алған болатын.
Айта кету керек, осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуы тиіс. Бұған дейін
Бенавидес Альваресті бірнеше рет жекпе-жекке шақырғанымен, мексикалық абсолютті чемпион түрлі сылтау айып, жұдырықтасудан қашып жүр.