Баходир Жалолов норвег боксшысын ойсырата жеңіп, финалға бір табан жақындады

Редактор
29.07.2024, 23:29

Оның келесі қарсыласы – Аустралия өкілі Теремоана Джуниор

Gazeta.uz

Бокстан Париж Олимпиадасында +92 келіде өнер көрсететін өзбекстандық Баходир Жалолов бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

1/8 финалда Жалолов Норвегиядан келген Омар Шихамен кездескен болатын. Өзбек боксшысы үш раунд бойы өз басымдығын көрсетіп, нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Жалоловқа берді. Сондай-ақ, бірінші және үш раундта Шиха екі рет нокдаун алып қалды.

Енді 2 тамызда өзбек боксшысы ширек финалдық кездесуін аустралиялық Теремоана Джуниорға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Баходир Жалолов Токио Олимпиадасының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы.