Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Редактор
30.07.2024, 00:33

Енді жартылай финал жолдамасын Грузия өкілімен сарапқа салады

ҰОК

Париж Олимпиадасында бокстан Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға жолдама алды. Ол 1/8 финалдық кезеңінде тайпейлік Чу Ен Лайды төрешілер шешімі бойынша басым түсіп, екінші жеңісіне қол жеткізді.

Алғашқы раундта үздіксіз шабуылға толы болған кездесуде отандасымыз 3:2 есебі бойынша алға шықты. Екінші раунд та осы нәтиже тіркелді. Алайда шешуші сәтте төрешілер алқасы Қазақстан боксшысын жеңіске лайық деп тапты.

Мұхамедсабыр енді жартылай финал жолдамасын Грузия өкілімен сарапқа салады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама