Жеңілісті қалай бар, солай қабылдаймын – Қамшыбек Қоңқабаев

Редактор
30.07.2024, 01:46

Ол жеңіс үшін барын салғанын айтып отыр

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасымен қош айтысты. Спортшы жекпе-жектен соң жеңілісінің себебін түсіндірді.

Айта кетейік, отандасымыз алғашқы айналымда испаниялық Аюб Гадфа Дриссиге 2:3 есебімен есе жіберді.

«Артық еш нәрсе айтпаймыз. Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Қалай бар солай қабылдаймыз (жеңілісті айтады - ред). Басқа ешнәрсе айта алмаймын. Өздеріңіз көрдіңіз, барымды салдым. Ол да осал емес, Еуропа чемпионы. Енді қалған жігіттерге жанкүйер болыңыздар, қолдаңыздар», - деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Айта кетейік, бұған дейін команда капитаны Асланбек Шымбергенов те (71 кг) бірінші айналымда жеңіліп қалған болатын. Ал, Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) екі жекпе-жегін де жеңсе, -92 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін сәтті өтіп, ширек финалға шықты.