«Бауырым, алға!». Баходир Жалолов пен өзбек бапкері финалда Оралбайға жанкүйер болды

Редактор
08.08.2024, 11:44

Өзбекстан құрамасының бас бапкері мен боксшылары қолдау білдірді

olympic.uz

Париж Олимпиадасында бокстан алғашқы жеңімпаздар анықтала бастады. Ерлер арасында 80 келіде украиналық Олександр Хижняк пен қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай кездескен. Осы жекпе-жекте Өзбекстан құрамасының бас бапкері мен боксшылары Қазақстанға жанкүйер болды.

Видеодағы кадр сыртындағы дауыстан Өзбекстан құрамасының бапкерлерінің бірінің үнін естуге болады. Ол: «Бауырым алға!», «Давай, Нұрбек» деп айқайлайды. 

Видеодан бас бапкер Толқын Қылышев, ауыр салмақтағы боксшысы Баходир Жалоловты көруге болады. Олар Нұрбек Оралбайға жанкүйерлік етіп, қолдау көрсеткен.

Айта кетейік, Қазақстан осымен екінші Олимпиададан бокстан алтынсыз қалды. Бұл жолы ерлер құрамасы бір күміс, әйелдер құрамасы бір қола медаль еншіледі.

Ал Өзбекстанның төрт боксшысы финалға шығып үлгерді. Бүгін бесіншісі жартылай финалдағы кездесуін өткізеді.