Жалоловты жеңген қазақстандық боксшы шаршы алаңға оралды

Редактор
08.08.2024, 17:02

Дычко 2023 жылғы маусым айынан бері рингте өнер көрсеткен жоқ

ҰОК

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) ұзақ үзілістен соң АҚШ-та шаршы алаңға оралады.

BoxRec.com мәліметінше, жеңілмеген Дычко 21 тамыз күні АҚШ-тың Плант-Сити қаласында ProBox шоуы аясында бокстасады. Иванның қарсыласы – америкалық Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО). Кездесу сегіз раундқа есептелген.

Дычко 2023 жылғы маусым айынан бері рингте өнер көрсеткен жоқ, сол кезде ол Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутпен ұтып, WBA Fedecaribe атағын жеңіп алды. Ал АҚШ-та Иван бұған дейін 2019 жылы бокстасқан.

Айта кетейік, Дычко өзбекстандық боксшымен әуесқой бокста төрт рет кездесіп, төртеуінде де жеңіске жеткен.