Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бақтияр Артаев бас бапкерлікке жеке жаттықтырушысын ұсынды

Редактор
16.08.2024, 00:47

Қазақстан бокс федерациясының басшысы болса реформа жүргізу қажет дейді

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерсіз қалды. Күні кеше федерация Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер штабын толығымен босатты. 2004 жылғы Афины Олимпиадасының бұл бос орынға чемпионы Бақтияр Артаев өз кандидатын ұсынды.

«Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуға Нұрлан Ақүрпеков лайық», - деп жазды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram-парақшасында.

Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың жеке жаттықтырушысы болған. Одан бөлек, Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды тәрбиелеген. Бір кездері Astana Arlans клубының бас бапкері болды.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясының басшысы Париждегі сәтсіздіктен кейін реформа жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Артынша бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен босаталды.

Жарнама
Жарнама