Жеңімпаздардың есімі бүгін белгілі болады
Қарағандыда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы «Мықтылар турнирінің» финалистері анықталды. Жеңімпаздардың есімі 27 қыркүйекте белгілі болады.
Турнир қорытындысы бойынша Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Турнирдің финалдық жұптары:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева - Ақбота Болат
50 келі. Алуа Балкибекова - Гелиуса Галиева
52 келі. Томирис Мырзақұл - Жазира Урақбаева
54 келі. Элина Базарова - Әнел Сақыш
57 келі. Виктория Байдукова - Ұлжан Сәрсенбек
60 келі. Шахназ Исаева - Виктория Графеева
63 келі. Лаура Есенкелді - Аида Әбікеева
66 келі. Ангелина Ганюкова - Милана Сафронова
70 келі. Ангелина Витова - Гаухар Шойбекова
75 келі. Елена Гапешина - Валентина Хальзова
81 келі. Гүлсая Ержан - Диана Мағауяева
+81 келі. Елдана Тәліпова - Ләззат Күнгейбаева.
Үш мәрте әлем чемпионатының жүлдегері атанған, 2010 жылғы Азия чемпионы Жайна Шекербекованы ұтып сенсация жасаған 54 келідегі Элина Базарова енді финалда Әнел Сақышпен кездеседі. Кейбір салмақтарда жаңа есімдер бар.