UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, күтпеген нәтиже тіркеді

Редактор
28.09.2024, 12:01

Енді оның UFC-ге оралуы екіталай

TRILLER TV

UFC лигасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық қыз Мария Агапова кәсіпқой бокста бағын сынап көрді. Алғашқы жекпе-жегін отандасымыз АҚШ-та өткізді.

Атланта қаласындағы кәсіпқой бокс кешінде Агапова неміс Николь Шефермен жұдырықтасқан. Екі минуттан алты раундқа жоспарланған жекпе-жек соғына дейін өтіп, төрешілер тең нәтиже тіркеді, есеп – 57:57.

Мария Агапова аралас жекпе-жектен де айтарлықтай нәтиже көрсетіп, UFC оған келісімшарт берген болатын. АҚШ-та алты жекпе-жек өткізген қазақстандық қыз екеуінде ғана жеңіп, қалған төртеуінде жеңілді. Енді оның элиталық лигада өнер көрсетуі екіталай.