Данияр Елеусінов үш жылдық үзілістен кейін кәсіпқой рингке оралып, нокаутпен жеңіске жеңді (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 01:13

Соңғы рет ол 2021 жылдың желтоқсанында рингке шыққан

Allstarsboxing

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты оқиғасы Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) Филиппин боксшысы Джо Нойнай (23-5-2, 11 КО) арасында өткен болатын. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бесінші раундтан кейін аяқталды.

Бәске екінші дәрежелі WBC Peace чемпиондық белбеуі тігілген болатын. Бірінші раундта Данияр қарсыласын нокдаунға жіберсе, бесінші раундтан кейін филиппиндік боксшының секунданты жекпе-жекті тоқтатуды сұрады. Өйткені, Нойнайдың жағы сынып кеткен-мыс. Қызығы сол, Нойнайдың лақап аты – «жақ сындырғыш». Бірақ, бұл жолы бәрі керісінше болды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Лаельді төрешілер шешімімен жеңген еді. Мұнан кейін Данияр менеджерімен соттасып, мансабын ұзақ уақыт жалғастыра алмады.

33 жастағы Елеусінов Рио Олимпиадасының чемпионы.