Әлімханұлы мен Михайлович 4 қазан күні Сиднейде (Австралия) кездеседі
Орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович өзінің қарсыласы, титулға ие Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек алдында жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Әлімханұлы мен Михайлович 4 қазан күні Сиднейде (Австралия) кездеседі, сөйте тұра Жәнібек әлеуметтік желіде Андрейді мерзімінен бұрын жеңіп, Эрисланди Лара және Карлос Адамес секілді орта салмақтағы өзге чемпиондарды айқасқа шақырды.
«Оның не ойлайтыны маған қызық емес. Оның менмендігі көзін соқыр қылып біткен, соны білемін. Сөзі көп әрі тәкаппар. Мені нокаутқа жіберетінін айтып жүр екен, жақсы, ендеше неге қабілетті екеніңді көрсет. Құбыжық екенсің, дәлелде. Бірақ ол сенің қолыңнан келетініне сенбеймін, керісінше, сенің көзіңді құртатыныма, жоқ қылып жіберетініме 150 миллион пайыз сенімдімін. Ол бізді ақымақ қылды, алдады. Сондықтан жымия қарап отыруым керек пе? Бұған дейін оны қысқа әрі тәтті соққы күтіп тұрса, енді ұзақ соққылар күтіп тұр, бар айырмашылық сол», - деді Михайлович Sporting News-ке берген сұхбатында.