Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақ пен өзбек боксшыларының арасындағы жойқын айқас алғашқысының жеңісімен аяқталды (ВИДЕО)

Редактор
01.10.2024, 22:36

Өзбек боксшысы бұған дейін кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізген

Қазақстан бокс федерациясы

Шымкентте өтіп жатқан бокстан Қарақозы Абдалиев атындағы халықаралық турнирде 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының тартысты жекпе-жегі өтті.

Қазақстан намысын қорғаған қарағандылық Талғат Сырымбетов өзбек өкілі Абдували Бурибоевпен жұдырықтасқан болатын. Бұл бәсекеде төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қазақ боксшысына берді.

19 жастағы Бурибоев жастығына қарамастан кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жек өткізіп үлгерген екен. Оның бәрінде жеңіске жетсе, алтауын нокаутпен аяқтаған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше боксшысы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастаған еді. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Айбек Оралбай да бар.

Жарнама
Жарнама