Әлімханұлы мен Михайлович 4 қазанда кездеседі
WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сиднейге (Австралия) жетті.
Бұл туралы «Қазақ стилі» Х әлеуметтік желісінде жазды.
«Әлхамдулиллаһ, біз Сиднейдеміз!», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 4 қазанда өтеді. Бұған дейін Андрей Михайловичтің промоутері Джордж Роуз Аустралияда Жәнібек Әлімханұлын үлкен қиындықтар күтіп тұрғанын мәлімдеген еді.