Рамзан Қадыров Ресейдің азаматтығынан бас тартқан спортшыға Гелендваген сыйлады

Редактор
Бүгін, 12:44

Бетербиевке Шешенстанның құрметті азаматы атағы берілді

www.grozny-inform.ru

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров жақында жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған Артур Бетербиевке жаңа Гелендваген көлігін сыйлады.

Көлік Грозныйда чемпионның отанына келуі құрметіне мерекелік кешкі астан кейін табыс етілді.

Рамзан Қадыров бұл сыйлық Шешен Республикасының бокс федерациясы мен Шешенстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ахмат-Хаджи Қадыров атындағы аймақтық қоғамдық қорынан берілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Бетербиевке Шешенстанның құрметті азаматы атағы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанға қараған түні Артур Бетербиев отандасы Дмитрий Биволды төрешілер шешімімен жеңіп, 79,38 келі салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Артур Бетербиев Ресейде дүниеге келген. Бірақ ол кейін Канада азаматтығын алды.