Әлем чемпионаты: бүгін Қазақстан – Өзбекстан боксшыларының айқасы болады

Редактор
26.10.2024, 13:26

Жарыс 3 қарашада мәресіне жетеді

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының төртінші күнінде Қазақстанның бес боксшысы рингке шығады.

Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:00-де басталады. Бұл кезеңде қыздар боксының өкілі Толғанай Қасымхан (60 кг) өзбекстандық Рахима Бекниязовамен өзара кім мықтыны анықтайды.

Ал, 71 келіде өнер көрсететін Өнер Сейілхан болса Беларусь өкілі Иван Синякпен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда (17:30) тағы екі боксшымыз ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Алдымен қыздар боксының өкілі Аружан Жаңабаева (63 кг) рингке шығады. Оның қарсыласы – Венесуэла боксшысы Александра Мартинес. Мұнан кейін Алексей Хаванцев (60 кг) өзбек Нодирбек Аллабергановпен жұдырықтасады.

Ал, түнгі сессияда (21:00) Жансері Көшербаев (57 кг) словакиялық Никола Михайловичпен шаршы алаңға шығады.