Ал Хамза Шираздың үнсіз жатқаны мәлім болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Шираз, Карлос Адамес және Эрисланди Ларамен болуы мүмкін жекпе-жектер туралы ақпаратын бөлісті.
«Шираз үнсіз. Жаңалық күтіп отырмыз! Сонымен қатар, Адамеспен жекпе-жек ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бәрі келесі аптада белгілі болады. Лара да үнсіз!» — деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, 18 қарашада WBO нұсқасы бойынша міндетті үміткер, британдық Хамза Ширазбен жекпе-жекке арналған промоутерлік сауда өткізілуі керек. Жәнібектің бұған дейінгі жекпе-жегі 4 қазанда Сиднейде (Австралия) өтті, ол тоғызыншы раундта Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа түсірді.