Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсеке өтіп жатыр
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қыздар арасындағы финалда бірден қоржынға екі алтын түсті.
Алдымен Виктория Графеева 60 келіге дейін салмақта топ жарды. Ол финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды. Қорытынды есеп – 5:0.
Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын. Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.
Екінші алтынды 63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аида Әбікеева сыйлады. Отандасымыз финалды Вьетнам елінің боксшысы Ха Тхи Лингтан басым болып шықты (5:0).
Енді алда тағы үш финал бар.