Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақта тайландтық боксшыны жеңді
Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Наталья Богданова қоржынға үшінші алтынды сыйлады.
Ол 70 келіге дейінгі салмақта жергілікті боксшы Байсон Маниконмен кездесті. Үш раундта да сенімді жұдырықтасқан Богданова мықтылығын мойындатты.
Сөйтіп Қазақстан құрамасының үшінші алтынын жеңіп алды.
Бұған дейін Виктория Графеева (60 келі) мен Аида Әбікеева (63 келі) чемпион атанған еді. Алда тағы екі қыз финалда жұдырықтасады.
Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында қазір 3 алтын, 6 қола медаль бар.