Екеуі бұған дейін екі рет кездесіп, соның екеуінде де қазақ боксшысы басым түскен
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық бәсекесі басталды. Ең алғаш болып рингке көтерілген 48 келідегі боксшылар арасында жеңімпаз анықталды.
Финалда қазақстандық Санжар Тәшкенбай мен Шодиёржон Меликузиев (Өзбекстан) кездескен. Бұл кездесуде ұпай санымен өзбек боксшысы жеңіске жетті. Тәшкенбай күміс медальды қанағат тұтты. Екеуі бұған дейін екі рет кездесіп, соның екеуінде де қазақ боксшысы басым түскен еді. Бұл жолы жеңіс қарсыластың еншісінде кетті.
Айта кетейік, отандасымыз осының алдында 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері жапониялық Казума Аратакені жеңген.
Енді алда 8 боксшымыз финалда жұдырықтасады.