Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Азия біріншілігінде топ жарды

Редактор
11.12.2024, 15:44

Ол өзбекстандық Жасурбек Юлдошевтен басым түсті

Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан ұлттық құраманың мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында 86 келіде чемпион атанды.

Нұрдәулетов Таиландта өтіп жатқан құрлық біріншілігінде жарысты жартылай финалдан бастаған еді. Ал шешуші айқаста ол өзбекстандық Жасурбек Юлдошевтен басым түсті. Осылайша ол өзінің спорттық мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Бокстан ерлер ұлттық құрамасының қоржынында әзірге 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль бар. Тағы екі отандасымыз финалда күш сынасады. Бұған дейін 54 келіде Махмұд Сабырхан чемпион атанған болатын.