Ел құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті
Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай 92 келіде топ жарды.
Чиангмай қаласында өтіп жатқан біріншілікте осымен ел құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті.
Финалда Тоғамбай тәжік боксшысы Парвиз Каримовтен айқын басым түсті.
Айта кететін жайт, Сағындық Тоғамбай 2023 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған. Ол финалда бірінші және екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді.
Бұған дейін Қазақстан боксшылары арасында Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Азия чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, 5 боксшы финалда өзбек боксшыларына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.