Шешенстандық боксшы қызды бір топ жігіт қан-жоса етіп сабап кеткен

Редактор
24.12.2024, 12:36

Мұндай оқиға екінші рет қайталанып отыр

әлеуметтік желі

Шешенстандық кәсіпқой боксшы қыз Аминат Эльбукаеваға жарты жылда екінші рет бір топ ер адам шабуыл жасады. Оқиға Швейцарияда болған.

Аминаттың сөзінше, ол жаттығудан үйіне бара жатқанда бір топ ер адам оны соққыға жыққан. Спортшы қыз шабуыл арт жақтан болғанын, басынан алған соққыдан ол есінен танып қалғанын алға тартты. Былғары қолғап шебері ес-түссіз жатқанда, оның бетін қан-жоса қылған.

«Бұл жолы да жарақаттан құтыла алмадым. Көзімді операциясыз қалыпқа келтіру мүмкін емес. Қазір көру қабілетім 50 пайызға нашарлап кеткен», - деді бойжеткен.

Естеріңізде болса, 2024 жылғы маусымда да Аминат Эльбукаева соққыға жығылған. Ол кезде боксшыны бес ер адам ұрып-соққан. Бойжеткеннің құрбысының сөзінше, шабуылдағандар шешенстандық блогердің «сәлемдемесін» жеткізген. Мұндай әрекет Аминаттың қыздарға арналмаған спорт түрімен шұғылданып, шолақ шалбар киюінен соң басталған.