Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Мэнни Пакьяо карьерасын жаңғыртады

Редактор
28.12.2024, 15:16

46 жастағы былғары қолғап шебері келесі жылы айқас өткізбек

Getty images

Сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз кәсіпқой боксшы филиппиндік Мэнни Пакьяо 2021 жылы аяқтаған карьерасын қайта жаңғыртпақ.

Жақында Халықаралық бокс қауымдастығы бұрынғы әлем чемпионына 2025 жылы Ресейде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған.

«Карьерамды қайта жаңғыртып, 2025 жылы боксқа ораламын. Бірқатар ұсыныс бар, солардың арасынан өзімізге ыңғайлысын таңдаймыз», - деді Пакьяо

Филиппиндік былғары қолғап шебері 2021 жылғы тамызда жартылай орта салмақта Йордени Угаспен чемпиондық титулды сарапқа салып, жеңіліс тапқан соң карьерасын аяқтаған. Алайда Пакьяо шаршы алаңға шығуды жалғастырып, көрсетілімдік кештерге қатысып жүрді.

Промоутер Шон Гиббонс желтоқсанның басында Пакьяоның саяси карьерасын жалғастырып, ақпан мен мамыр аралығында өтетін Филиппин Сенатына сайлауға түскісі келетінін, сонан соң рингке оралуға дайын болатынын айтқан.

Сонымен қатар алдағы жылы Мэнни Пакьяоның есімі Даңқ залына енеді.

Жарнама
Жарнама