Ол бұған дейінгі сұхбатында Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін ашық айтқан еді
Бокстан еліміздің тұңғыш Олимпиада чемпионы, бүгінде АҚШ-та өмір сүретін Василий Жиров қазір Сауд Арабиясында жүр, бапкерлік қызмет бойынша ұсынысты қарастырып жатқан көрінеді. Оның сөзінше, әлі келісімшартқа қол қойылмаған, дегенмен арабтар тарапынан оның тәжірибесіне қызығушылық бар.
«Мен елімде қалып жұмыс істеуге дайын болдым, алайда спорт басшылары үнсіз қалды. Менің ұсынысым қабылданған жоқ, ақырын ғана шеттетіп тастады», - деді Жиров exclusive-ке берген сұхбатында.
Боксшы әлі де бабында екен, тыңғылықты жаттығу жасап жүргенін алға тартқан.
Еске салайық, 2024 жылдың соңында Василий Жиров «Бірінші бол» YouTube-каналында қонақта болып, сұхбат барысында Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін айтқан болатын.