Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин әлемнің ең үздік 10 боксшының қатарына енді

31.01.2025, 10:51

Тізімде әйгілі Мұхаммед Әли мен Майк Тайсон да бар

Getty Images

Геннадий Головкин әлемдегі ең үздік 10 боксшының бірі атанды. Ұзақ жылдар бойы орта салмақта үстемдік құрған қазақстандық боксшы рейтингте тоғызыншы орынға жайғасқан.

Рейтингті британдық Givemesport порталы жариялады.

«Геннадий Головкин орта салмақта жылдар бойы үстемдік құрған боксшы. Ол тек шабуылдап ғана қоймай, қарсыластың ауыр соққыларын міз бақпай қабылдап, сондай-ақ еш қиындықсыз өткізіп жіберетін шеберлігімен танылды», - деп жазылған аталған материалда.

Әлемнің ең мықты 10 боксшысы:

  1. Джордж Луис Чувало (73-18, 64 KO)
  2. Джордж Форман (76-5, 68 KO)
  3. Марвин Хаглер (62-3, 52 KO)
  4. Мұхаммед Әли (56-5, 37 KO)
  5. Майк Тайсон (50-7, 44 KO)
  6. Сауль “Канело” Альварес (62-2, 39 KO)
  7. Ларри Холмс (69-6, 44 KO)
  8. Эвандер Холифилд (44-10, 29 KO)
  9. Геннадий Головкин (42-2, 37 KO)
  10. Панчо Вилья (77-4, 22 KO)

Геннадий Головкин әуесқой боксшылар арасында 2003 жылғы әлем чемпионы. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында күміс алып, 2004 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Кәсіпқой бокста IBF, WBA, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған.

Біздің серіктес: FONBET

Жарнама
Жарнама