Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық боксшы бүгін чемпиондық титул үшін жұдырықтасады

Редактор
01.02.2025, 11:33

Оның қарсыласы мүлдем жеңіліп көрмеген

Ethan Miller/Getty Images

1 ақпанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО) Лондондағы «Уэмбли» стадионында жергілікті боксшы Адам Азиммен (12-0, 9 КО) жұдырықтасады.

Алғашқы жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жекте IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы сарапқа салынбақ. Британдық боксшы карьерасында мүлдем жеңіліп көрмегенін ескерсек, букмекерлер оның жеңіске жететінін болжап отыр.

Айта кету керек, қос боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өте алмады. Екеунің де салмағы белгіленген нормадан асып кеткен. Ұйымдастырушылар мұнан кейін оларға екінші рет мүмкіндік беріп, тек осыдан кейін ғана олар қажетті салмақты жасап үлгерді. Яғни, енді титул үшін жұдырықтасуға рұқсат бар.

Липинец рингке соңғы рет былтыр мамыр айында шығып, америкалық Робби Дэвисті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Азим болса былтыр қазанда британдық Охара Дэвисті нокаутпен жеңді.

Жарнама
Жарнама