Қазақ боксшысының өзі келесі жекпе-жегін Астанада 5 сәуірде өткізеді
Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) туралы пікір білдірді.
Бенавидес 1 ақпан күні кубалық Дэвид Моррельмен (11-1, 9 КО) кездескен болатын. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтіп, ұпай санымен америкалық жеңіске жеткен. Осы кездесуден соң Әлімханұлы әлеуметтік желіде Бенавидесті өзімен жұдырықтасуға шақырды. Сосын бұл жекпе-жек туралы Sports Illustrated басылымына сұхбат берді.
«Бенавидестің Дэвид Моррельмен жекпе-жегін көрдім. Жалпы, чемпиондық белбеуге ие боксшылар рингке шықса, міндетті түрде тамашалаймын. Сосын оларға баға беремін. Стильдерін қараймын, қандай артықшылықтар бар екенін салыстырамын. Бенавидес жақсы жұдырықтасып шықты. Дегенмен, салмағын азайту оның күшіне әсер етті деп ойлаймын. Оған күш жетіспеді. Менің ойымша, бұл салмақ қуумен байланысты, - деді «Qazaq Style».
Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 5 сәуірде шығады. Оның келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деп жоспарланған. Қарсылас франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) болмақ.