Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Редактор
11.03.2025, 19:26

Ширек финалда Алуа түрік қызы Айсен Таскынмен қолғап түйістіреді

ҚБФ

Алуа Балқыбекова Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

50 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда марокколық Ясмин Мутакимен кездесіп, Алуа төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.

Бұл - Алуаның әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі. Бірінші кездесуінде кениялық боксшыны жеңіп шыққан еді.

Ширек финалда Алуа түрік қызы Айсен Таскынмен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтіп жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама