Қазақстандық тағы бір боксшы қыз әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Редактор
11.03.2025, 20:06

Бүгін әлем чемпионатында тағы үш боксшы сынға түседі

ҚБФ

Сербияда бокстан әйелрдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіде қазақстандық Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Отандық былғары қолғап шеберлі шешуші айқаста Грекия өкілі София Легакиді төрешілер шешімімен жеңді. Енді Виктория Ниш қаласындағы дүниежүзілік біріншіліктің ширек финалында Өзбекстан-Вьетнам жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін Алуа Балқыбекова Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Қазақстан құрамасының мүшесі 50 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда марокколық Ясмин Мутакиді жеңді.

Бүгін әлем чемпионатында тағы үш боксшы сынға түседі. Олардың арасында 63 келіде Аида Әбікеева, 66 келіде Жасмин Кизатова, 81 келіде Гүлсая Ержан шаршы алаңға шығады.