Ол – Омбы қаласында дүниеге келген
Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында ресейлік қазақ Салтанат Меденова алғашқы жекпе-жегін техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
81 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Салтанат 1/8 финалда француз боксшысы Вероити Долли Ненамен кездесті. Жекпе-жек небәрі бір жарым минутқа созылды. Бірінші раундта Салтанат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Салтанат Меденова 2001 жылы Омбы облысында дүниеге келген. 2024 жылы Ресей біріншілігінде чемпион атанған. Сондай-ақ, 2024 жылы Қазанда өткен Брикс ойындарында топ жарған.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан ширек финалға 10 боксшы шықты, екі боксшы жеңілді.