Үздік бестіктен көрінген боксшылар ақшалай сыйақы алды
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жеткен қазақстандық төрт боксшыға ақшалай сыйақы табысталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
Жарыста ел намысын қорғаған Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Жасмин Кизатова (66 кг) және Надежда Рябец (75 кг) 10 мың доллар көлемінде марапатқа ие болды.
Чемпионаттың жүлде қоры жарыс ережесіне сәйкес белгіленген. Әлем чемпионы атанған спортшылар 100 мың доллар, күміс жүлдегерлер 50 мың доллар, ал қола медаль иегерлері 25 мың доллар алады.