Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлімханұлының қарсыласы Нгамиссенге соңғы дайындық сәттерін көрсетті

Редактор
27.03.2025, 09:45

Жекпе-жек 5 сәуір күні Астанада өтеді

Видеодан кадр

Франциялық кәсіпқой боксшы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) алдағы жекпе-жек алдында тыңғылықты дайындалып жатқанын көрсетті. Спортшы Instagram желісінде Астанаға ұшар алдындағы соңғы жаттығуының видеосын жариялады.

Бейнежазбада Нгамиссенге жаттығудың бірнеше кезеңін көрсетеді. Оның физикалық дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысы бейнежазбадан анық байқалады.

Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанада отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен Анауэль Нгамиссенге арасында жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуде Әлімханұлы өзінің орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды.

Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

Жарнама
Жарнама