Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы Астанада жер сілкінісін ұйымдастыратынын айтты

Редактор
26.03.2025, 17:47

Жерлесіміз 5 сәуірде Анауэль Нгамиссенгемен айқаста чемпиондық атағын қорғайды

Top Rank

Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) титулдық жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

Жерлесіміз 5 сәуірде француз Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) айқаста чемпиондық атағын қорғайды. 

«Біреу 5 сәуір күні менің екі титулымды тартып алатынын айтыпты. 5 сәуірде үлкен нокаут және ол құлағанда, жер сілкінісі болатынын сіздер жақсы білесіздер», – деп жазды Әлімханұлы өзінің X-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Battle of the Brave бокс кеші «Барыс Аренада» өтеді. Әлімханұлы - Нгамиссенге айқасы Астанадағы шоудың басты жекпе-жегі болмақ.

Жәнібектен бөлек бұл күні шаршы алаңға мына жұптар шығады: Сұлтан Зауырбек - Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев - Кейн Гарднер, Балауса Мұздыман - Розалинда Родригес.

Сонымен қатар ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандардың, өзбекстандық Баходир Жалоловтың кәсіпқой бокстағы кездесуі өтеді деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама